Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2022 жылғы 23 тамызда Әділет Министрі К. Мусин мырзаның төрағалығымен Вице-төраға Кристиан Сагарц мырза бастаған Еуропалық Парламенттің Адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің (DROI) делегациясымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Министр делегацияны жүргізіліп жатқан саяси, заңнамалық және сот реформалары, Министрліктің жұмысы туралы таныстырды.

Кездесу барысында референдумның қорытындысы, қаңтардағы оқиғаларды тергеу, кепілдендірілген заң көмегін көрсету, «БАҚ» туралы заң жобасы және саяси партияларды тіркеу сияқты адам құқықтарын сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға басты назар аударылды.

Еуропалық тарап кездесу мен егжей-тегжейлі ақпарат үшін алғысын білдірді.

Тараптар демократиялық құндылықтар мен заң үстемдігіне қол жеткізу үшін ынтымақтастыққа өзара қызығушылық білдірді.