Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мәселелері бойынша түсініктеме

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мәселелері бойынша түсініктеме

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Ашық НҚА интернет-порталы (бұдан әрі – «Ашық НҚА» порталы) жария талқылау рәсімін жүргізу үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) жобаларын және заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі болып табылады.

«Ашық НҚА» порталы «Ашық үкіметтің» бес компонентінің бірі және 2014 жылы іске қосылған заңға тәуелді НҚА-ның барлық жобаларын қамтитын алаң болып табылады.

2015 жылы Заңның қабылдануымен қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын барлық НҚА жобаларын талқылау қолжетімді болды.

Порталға жүктелетін НҚА Ашық НҚА жұртшылықтың игілігі болып табылады және кез келген авторландырылған пайдаланушы өзінің пікірін талқылау кезеңінде қалдыруға, осылайша өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге құқылы.

«Ашық НҚА» порталында заңға тәуелді НҚА жобаларын талқылауға арналған бұл тетік қолданушымен пікір білдіру жолымен кері байланысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ енгізілетін жаңалықтарға қатысты қоғамдық түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

Заңға тәуелді НҚА жобаларын әзірлеу кезіндегі негізгі талаптардың бірі жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында қазақ және орыс тілдерінде заңға тәуелді НҚА жобаларын орналастыру болып табылады.

Осылайша, заңға тәуелді НҚА жобаларын «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м. а. 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген заңға тәуелді НҚА жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет - порталында орналастыру қағидаларымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 5 қазанда № 24634 болып тіркелген). айқындалған.

Қағидаларда заңға тәуелді НҚА жобаларын жария талқылау мерзімдері айқындалған, олар орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда карантиндік аймақты қолайсыз эпидемиологиялық ахуал, оның ішінде карантинмен байланысты уақытша шектеу іс-шараларына байланысты, жария талқылау үшін орналастыру мерзімі күнтізбелік бір күнді құрайды.

Азаматтардың пікірлері заңға тәуелді НҚА жобасын талқылауда маңызды рөл атқарады, сондықтан азаматтардың ескертулері және (немесе) ұсыныстары сындарлы және заңды болып табылған жағдайда әзірлеуші органдар оларды жиі қабылдайды. Азаматтардан заңға тәуелді НҚА жобасына келіп түсетін ескертулер және (немесе) ұсыныстар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қаралады және жауапты «Ашық НҚА» порталында орналастырады.

Бұл ретте, мемлекеттік органдар екі шешімнің бірін қабылдауға міндетті: ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау туралы не негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдамау туралы.

Содан кейін, порталда есеп жарияланған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде заңға тәуелді НҚА жобаларын әзірлеуші органдар олар айқындаған уақытта «on-line» режимінде жарияланған есепті ескере отырып, заңға тәуелді НҚА жобаларын қосымша талқылауды жүргізеді. Қосымша талқылау аяқталғаннан кейін заңға тәуелді НҚА жобаларын әзірлеуші органдар есептің түпкілікті нұсқасын қалыптастырады және порталда жариялайды.

Азаматтар мен ұйымдар заңға тәуелді НҚА жобасын әзірлеу сатысына да, мемлекеттік органдар құратын жұмыс топтары шеңберінде де қатыса алатынын, сондай-ақ өз ұсыныстарын уәкілетті мемлекеттік органға жібере алатынын атап өткен жөн.