
Бүгін Әділет вице-министрі А.Мұқанованың төрағалық етуімен сайлау заңнамасына ұсынылған новеллаларын түсіндіру бойынша саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Атап айтқанда, келесі новеллалар таныстырылып, талқыланды:
1) қазақстандықтарға партиялық алаңнан тыс депутаттардың сайланатын лауазымдарына дауысқа түсуге мүмкіндік беретін аралас сайлау жүйесіне көшу;
2) мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттарды кері шақырып алу институтын енгізу;
3) өңірлер (аудандық, облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің сайлануын 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу;
4) ауыл әкімдерін сайлауға байланысты проблемалық мәселелерді шешу (сайлау алдындағы үгіт мерзімін ұлғайту, әкімдікке кандидаттарға қойылатын талаптарды азайту және т.б.).
Жалпы, кездесуге қатысушылар сайлау жүйесінің реформаларын оң қабылдады. Бұл ретте дөңгелек үстел барысында үкіметтік емес сектор өкілдері Үкіметтің одан әрі заң шығару жұмысы барысында пысықталатын жекелеген ескертулер мен ұсыныстар айтты.