
2019 жылғы 13 маусымда, Марат Бекетаев Министрліктер үйінде Халықаралық нотариаттық одақтың Нотариаттық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық комиссиясының мүшелерін қабылдады.
Аталған кездесуге Халықаралық нотариаттық одақтың келесі мүшелері қатысты: Ричард Бок - құрметті нотариус, сот кеңесшісі, Германияның Федералдық нотариаттық палатасының вице-президенті, Нотариаттық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық комиссияның мүшесі; Марюс Страчкайтис - Литваның нотариаттық палатасының президенті, Нотариаттық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық комиссияның мүшесі, Клайпеда қаласының нотариусы; Дэвид Кёниг - Германияның Федералдық нотариаттық палатасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы қатысты.
Қазақстанның нотариаттық қауымдастығының атынан кездесуге Республикалық нотариаттық палата төраймы - Әсел Жанәбілова қатысты.
Кездесу барысында нотариат институтының дамуы, Халықаралық нотариаттық одақтың Әділет министрлігімен және Республикалық нотариаттық палатамен өзара қатынасы туралы мәселелер шеңберінде сұрақтар талқыланды.
Министр Қазақстанда нотариат институтының дамуына, оның ішінде нотариустардың құқықтық жағдайларына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.