2022 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тұрғын үй комиссиясының отырысы өткізілді (бұдан әрі – Министрлік).
Аталған отырыста Тұрғын үйге мұқтаж Министрліктің қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК (бұдан әрі – МБА) жатақханасынан орындарды беру жөніндегі мәселелер қаралды.
Нәтижесінде, Тұрғын үй комиссиясының шешімімен Министрліктің 9 әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне МБА-нан бөлінген квотадан 13 бос орын берілді.