Шымкент қаласының Әділет департаментінде «АНТИКОНТРАФАКТ» акциясы өткізілді

Шымкент қаласының Әділет департаментінде «АНТИКОНТРАФАКТ» акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Контрафакт» акциясы аясында Шымкент қаласының Әділет департаменті қызметкерлері Шымкент қаласының сауда орталықтарының бірінде әлемге танымал The Procter & Gamble компанияның жуғыш заттарын тәркіледі.

«Тексеру барысында 100-ге жуық  «Fairy» тауар таңбасы бейнеленген контрафактілі бөтелкелері тәркіленіп, құқық бұзушыларға хаттамалар толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, нәтижесінде 2019 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 158-бабымен аталған тұлғалар айыпты деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұлдар салынды».