АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы»

АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі  ведомствоаралық комиссияның отырысы»

Ағымдағы жылғы 31 қаңтарда  сағат 16: 00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.

         Отырыста:

         1.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы);

  1. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы ПарламентМәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс  депутаттарының тобы);
  2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісініңдепутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы);
  3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы);
  4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісініңдепутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы).

         Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.

Журналистерді тіркеу ағымдағы жылғы 31 қаңтар сағат 13.00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі.

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01,  74-06-02