2022 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2022 жылғы 30 маусымда  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2022 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті (ZOOM платформасында).

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

  1. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көзделген заң консультанттарының қызметін реттеу жөніндегі құзыретті іске асыру туралы: мониторинг қорытындылары, көрсетілетін қызметтер сапасын салыстырмалы талдау, проблемалық мәселелерді шолу, заң консультанттарының жұмысын жақсарту бойынша, оның ішінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар.
  2. Әділет министрінің Қоғамдық кеңес алдында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылғы жұмысының нәтижелері туралы есебін тыңдау мерзімін 2022 жылғы маусымнан желтоқсанға ауыстыру туралы.
  3. Е.Е. Ибраевты Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамынан шығару туралы.