2022 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Президентінің № 954 «2021 жылғы 15 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы (жоғары) соттары төрағаларының кеңесін құру туралы келісімді бекіту туралы» Жарлығы қабылданды.
ҚР Президентінің Жарлығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы (жоғары) соттары төрағаларының кеңесін құру туралы келісімнің күшіне енуі мақсатында әзірленді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы (жоғары) соттары төрағаларының кеңесі соттар арасындағы ынтымақтастықтың келісілген қағидаттары мен қағидаларын әзірлеу оны ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және сот саласындағы мемлекетаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту және сот органдары арасында өзара құқықтық көмек көрсету тетіктерін кеңейту мақсатында практикалық іске асыруға жәрдемдесу үшін құрылады.