Ағымдағы жылғы 15 шілдеде Әділет министрлігі орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлесіп мұқтаж азаматтарға көмек көрсету (материалдық, дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен) мақсатында кітаптар мен шығармашылық заттардың қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
Осы акция аясында 217 000 теңге көлемінде қаражат жиналды. Алынған қаражат қиын өмірлік жағдайдағы төрт отбасы арасында бөлінді.
Сонымен қатар, қойылған тауарларды сатып алған орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылды. Аталған ұтыс ойынының жеңімпазы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері Темирова Ботакоз Асетовна болды, ол ҚР Әділет министрі Қ.С. Мусин қол қойған кітапты алды.