14 шілдеде ҚР Әділет министрлігінде құрылымдық бөлімшелер басшылары, бағынысты мекемелер мен жергілікті әділет органдары өкілдерінің қатысуымен Министрліктің жартыжылдық жұмысы қорытындыланып, болашақ жоспарлары анықталды.
Әділет министрі осы жылы басымдық берілуі тиіс бағыттарға тоқталды.
«Жекелей алсақ, еліміздің саяси модернизациялануы жолында заң шығару процесін тиімді ету маңызды, оның ішінде ҚР Президентінің 2022 жылғы наурыздағы №847 «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру Жолдауында айтқан іс-шаралар жоспарын орындау күн тәртібінде тұр. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе сайлау процесін жаңашаландыру жолында нақты ұсыныстар дайындау қажет»,- деді Әділет министрі Қанат Мусин.
Бұдан басқа, сапалы әрі жылдам берілетін мемлекеттік қызмет, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында «Еститін мемлекет» принципін жүзеге асыру мәселесі де көтерілді.
Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша Министрлік департаменттеріне ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берілді.