Вице-министр А. Ахметова Нью-Йоркке жұмыс сапары

Вице-министр А. Ахметова Нью-Йоркке жұмыс сапары

2022 жылғы 15 шілдеде Нью-Йорктегі БҰҰ Штаб-пәтеріндегі ТДМ зертханасында А. Ахметова Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын іске асыру туралы баяндама жасады.

Вице-министр өз сөзінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы әзірлеген адам құқықтары саласындағы индикаторларды енгізу бойынша Әділет министрлігінің жұмысын атап өтті.

Сондай-ақ, осы сапардың аясында Әділет Вице-министрі А. Ахметова БҰҰ-әйелдер құрылымы Атқарушы Директорының орынбасары Анита Бхатиямен кездесті.

Вице-министр А. Ахметова Қазақстанда адам құқықтары саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылап, одан әрі жемісті жұмысқа үміт білдірді.

Іс-шаралар достық және жылы жағдайда өтті.