Ағымдағы жылғы 24 қаңтарда сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.
Отырыста:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы);
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент Мәжіліс депутаттарының тобы);
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент депутаттарының тобы).
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (әзірлеуші – Парламент депутаттарының тобы).
Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.
Журналистерді тіркеу 2019 жылғы 24 қаңтар сағат 13.00-ге дейін pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі