ҚР Әділет вице-министрі А.Е. Ахметованың Батыс Қазақстан облысына іс-сапары

ҚР Әділет вице-министрі А.Е. Ахметованың Батыс Қазақстан облысына іс-сапары

2022 жылғы 14-15 маусым аралығында ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметованың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары өтті.

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ алаңында Әділет вице-министрі Батыс Қазақстан облысы университеттерінің оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары желісін дамыту мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетімен, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарын құру туралы келісімдерге қол қойылды.

Сапар аясында «Қазақстан жазушылар одағы» ҚБ, «Қазақстан Республикасы суретшілер одағы» ҚБ, Батыс Қазақстан облысы ақындарының, композиторларының шығармашылық одақтары филиалдарының өкілдерімен кездесу өтті. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар, креативті индустрия саласындағы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, вице-министр Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен, Адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатаның, Сот сараптамалары орталығының, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерімен кездесіп, салалық палаталар қызметінің бағыттары бойынша мәселелерді талқылады.