Азаматтық қоғаммен бірге ӘКШ бойынша Аралық ақпарат жобасы талқыланды

Азаматтық қоғаммен бірге ӘКШ бойынша Аралық ақпарат жобасы талқыланды

2022 жылғы 13 маусымда Әділет Вице-министрі А. Ахметованың төрағалығымен Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі үшінші шолудың қорытындылары бойынша БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ұсынымдарын іске асыру барысы туралы ҚР Аралық ақпарат жобасын талқылау бойынша отырыс өтті.

Отырысқа мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың 50-ден астам өкілдері қатысты.

Отырыс барысында кейбір ұсынымдар бойынша азаматтық сектордың түсініктемелері мен ұсыныстары алынды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Аралық ақпаратты дайындау бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісті.

Отырыстың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.