
А.ж. 3 маусымда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы әзірлеген Жаһандық индикаторлар негізінде адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын кезең-кезеңімен енгізу бойынша 2021 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҰҚСК бесінші отырысында Президент Қ. К. Тоқаевтың берген тапсырмасын орындау шеңберінде кездесу өткізілді.
Кездесу БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өңірлік бөлімшесінің қолдауымен ұйымдастырды.
Кездесуге орталық мемлекеттік органдардың және Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушылар әділ сот, жеткілікті тұрғын үй және білім алу құқығына қатысты индикаторларды енгізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарларының жобаларын талқылады.
Кездесудің барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.