
2022 жылғы 4 маусымда Республикалық референдум қарсаңында Әділет министрі Қанат Мусин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Чжан Мин бастаған бақылаушылар миссиясымен кездесу өткізді. Кездесуге Әділет вице-министрі Алма Мұқанова және ШЫҰ мен ШЫҰ АТҚҚ бақылаушылары қатысты.
Әңгімелесу барысында тараптар алдағы референдум туралы пікір алмасып, оның ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады. Әділет министрі Конституциялық өзгерістер барлық мемлекеттік модельдің кешенді түрленуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті, сондай-ақ Бас Хатшыға елімізде алдағы жалпыұлттық референдумға байқаушылар миссиясын қалыптастырғаны үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде, Бас хатшы Әділет министріне алғысын білдіріп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерін және Президент басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ, референдумды ұйымдастыру, өткізу және бақылау жөніндегі жұмыста бір-біріне өзара табыс тіледі.