Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Бүгін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Жауапты хатшы А.Х.Әмірғалиевтің төрағалық етуімен аумақтық әділет органдарымен сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған бейнеконференц арқылы кеңес өткізілді.

Отырыс барысында Әдеп кодексі нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларға енгізілген түзетулер (сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілдері), сондай-ақ Әділет министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін қызметі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Жауапты хатшы тарапынан әділет органдары жүйесінде әкімшілік және басқа да құқық бұзушылықтардың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен түбірімен жоюға бағытталған бірқатар тапсырмалар және әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жаңдандыру бойынша тапсырма берілді.

Сонымен қатар, аумақтық әділет органдарына өңірлерде «Адалдық алаңы»  Жобалық кеңселерін ашу тапсырылды.