
2022 жылғы 30 мамырда Әділет Министрі К.С. Мусиннің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэтрин Джейн ЛИЧ ханыммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Әділет министрі Кэтрин Джейн ЛИЧ ханымға елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, Әділет Министрлігінің жаңа конституциялық түзетулерді («Жаңа Қазақстан») әзірлеу мен іске асырудағы рөлі, оның ішінде оларды азаматтар мен құқық қолданушыларға түсіндіруі туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Әділет министрі Әділет министрлігінің Ұлыбританиядағы Лондон Корольдік колледжімен ынтымақтастығын жалғастыру перспективаларын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті кездесу үшін бір-біріне алғыс айтып, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың маңыздылығын атап өтті.