«1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 457 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Президентінің № 897 Жарлығын қабылдау туралы
2022 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің № 897 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 457 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Жарлығы қабылданды (бұдан әрі – ҚР Президентінің Жарлығы).
ҚР Президентінің Жарлығы ҚР Әділет министрлігімен әзірленді және Хаттамаға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның өзгеруіне байланысты «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 457 бұрын қабылданған Жарлығына өзгерістер енгізуді көздейді.
Хаттама Тараптардың тағайындалған орталық органдары туралы хабарлама тәртібін өзгертуге бағытталған, оған сәйкес Тараптар тағайындалған орталық органдар, олардың функциялары және дипломатиялық арналар арқылы байланыс деректері туралы бірін-бірі хабардар ететін болады.