Ағымдағы жылғы 5 маусымда референдумға шығарылатын - Конституцияға енгізілетін түзетулердің негізгі ережелерін халыққа түсіндіру мақсатында Әділет министрлігі көрнекі презентация дайындады.
Бұл презентацияның үзінділері күн сайын жарияланады.
Бүгін Сіздердің назарларыңызға Президенттің өкілеттіктерін қысқарту және Президент қызметінде болуға байланысты шектеулер туралы үзінді ұсынылады.