Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218  қаулысымен бекітілген «Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары 1-тарамағының  9) тармақшасын іске асыру мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысна толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының  жобасы әзірледі.

Аталған жоба «Ашық НҚА» (legalacts.egov.kz) порталында жария талқылау үшін орналастырылған, олармен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14101303.