
Ағымдағы жылғы 3-20 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді ұйымдастырды.
Осы іс-шара аясында «Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы үздік сурет, «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнеролик және «Контрафакт» республикалық акциясының үздік логотипі конкурстары өткізілді.
Ағымдағы жылдың 20 мамырында «Контрафакт» республикалық акциясының аяқталуына орай «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК алаңында жабылу рәсімін ұйымдастырылып, онда республикалық конкурстардың жеңімпаздары марапатталды.
Осылайша, Бойко Злата Сергеевнаның суреті (Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы) үздік жұмыс деп танылды.
Ең үздік бейнеролик байқауының жеңімпазы Сатқали Карина Нұрланқызы (Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы).
Бақытов Әділет Марсұлының жұмысы (Қостанай облысы, Рудный қаласы) «Контрафакт» акциясының үздік логотипі болып танылды.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, рәсім аясында Қазақ ұлттық өнер университеті және Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық ұжымдары мен әртістері өнер көрсеткен мерекелік концерт өтті.