
2022 жылғы 17 мамырда сағат 09.00-де «
», «НАШИ» және «OLYMP» белгілері Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы EL IP RIGHTS LIMITED, ENCOMI (Singapore) PTE. LTD және ТОО «КДЛ ОЛИМП» компанияларының өтініштерін қарау бойынша Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану бойынша комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысы онлайн форматта өткізілді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша «
» Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жүктемесінің (бұдан әрі - ТҚХЖ) 32-сыныптағы тауарларына қатысты, атап айтқанда «алкогольсыз сусын, газдалған су, газдалмаған су, минералды су, ішетін су» 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап және «OLYMP» ТҚХЖ-ның 44-сыныптағы қызметтеріне қатысты, атап айтқанда «услуги медицинского анализа для диагностических целей, предоставляемые медицинскими лабораториями» 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап белгілері Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылды.
«НАШИ» белгісіне ұсынылған белгінің танымалдығы туралы мәліметердің толықтығы болмауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танудан бас тартылды.