
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған «Контрафакт» республикалық акциясы шеңберінде аумақтық әділет органдарымен қонақ үй және мейрамхана бизнесі өкілдерімен дөңгелек үстелдер (кездесулер) өткізілді.
Аталған іс-шараларға «Атамекен» ҰКП, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың және Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықығы департаментінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында контрафактілік өнімдерді пайдалануға жол бермеу, авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау және сақтау мәселелер талқыланды.
Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерінің әлеуметтік желілерінің ресми беттерінде (Instagram, Facebook) және интернет-ресурстарында жарияланды.