
Жыл сайынғы «Контрафакт» республикалық акциясы аясында 2022 жылғы 3-19 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы үздік суретке, «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнероликке және «Контрафакт» республикалық акциясының үздік логотипіне конкурстар ұйымдастырды .
Акцияның мақсаты контрафактілік өнімдерді таратуға қарсы күресті насихаттау және танымал ету, балалар арасында көркем және шығармашылық дарындарды анықтау және ашу, контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
«Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы 10-14 жас аралығындағы балалар үшін уздік суретке арналған республикалық конкурс 2022 жылдың 3 мамырынан 13 мамырына дейін өтті.
Бұл байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең өңірлік деңгейде өткізілді. Осылайша, аумақтық әділет органдары 18 үздік жұмысты таңдап алып, кейіннен оларды конкурстық комиссияның одан әрі қарауы үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберді.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Злата Сергеевна Бойконың суреті үздік жұмыс деп танылды (Бейімбет Майлин ауданы, Қостанай облысы).
«Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнеролик республикалық конкурсы 2022 жылғы 3-15 мамыр аралығында Instagram әлеуметтік желісі алаңында, ҚР Әділет министрлігі @adiletgovkz инстаграмм парақшасын көрсете отырып, қатысушының жеке профилінде (account) #Конкурс_НЕТ_контрафакту_2022 хэштегімен бейнероликті орналастыру арқылы өтті .
Конкурс комиссиясының қарауына 37 бейнеролик ұсынылды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия Карина Нұрланқызы Сатқалидің бейнеролигін үздік деп таныды (Орал қ., Батыс Қазақстан облысы).
Ағымдағы жылғы 3-15 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясының үздік логотипіне арналған республикалық конкурсқа ҚР Әділет министрлігінің @adiletgovkz инстаграмм парақшасын көрсете отырып, #логотипконтрафакт2022 хэштегі бойынша Instagram желісінде өз жұмыстарын орналастыру арқылы 124 қатысушы қатысты.
Бұл ретте, конкурстық комиссияның дауыс беру қорытындысы бойынша Әділет Марсович Бақытовтың логотипі үздік деп танылды (Рудный қаласы, Қостанай облысы).
Жеңімпаздар 2022 жылдың 20 мамырында «Контрафакт» республикалық акциясының жабылу салтанатында бағалы сыйлықтармен марапатталады.