ҚР Әділет Министрі Қанат Мусин БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы Өңірлік өкілі Рышард Коменда мырзамен кездесті.

ҚР Әділет Министрі Қанат Мусин БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы Өңірлік өкілі Рышард Коменда мырзамен кездесті.

Министр делегация қатысушыларын елде жүргізіліп жатқан реформалар және «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасы туралы хабардар етті.
Кездесу барысында тараптар адам құқықтары саласындағы индикаторларды енгізу, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның шарттық органдардың пайымдауларын орындау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.