«Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы үздік сурет конкурсының бірінші кезеңі өткізілді

«Контрафактіге жол жоқ!» тақырыбындағы үздік сурет конкурсының бірінші кезеңі өткізілді

Жыл сайын өткізілетін «Контрафакт» республикалық акциясы аясында аумақтық әділет органдарымен 2022 жылдың 3 мамырынан 13 мамырына дейін «Контрафактіге жол жоқ!» үздік сурет конкурсының (10-нан 14 жасқа дейінгі жас санатында)  бірінші кезеңі өткізілді .

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша құрамында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері бар конкурстық комиссияның қарауына 18 сурет ұсынылды.

Конкурстық комиссиясының қарау қорытындысы бойынша конкурс жеңімпазы 2022 жылғы 20 мамырда «Контрафакт» республикалық акциясының жабылу салтанатында жарияланады.