«Контрафакт» республикалық акциясы аясында өңірлердегі шығармашылық одақтар өкілдерімен кездесу

«Контрафакт» республикалық акциясы аясында өңірлердегі шығармашылық одақтар өкілдерімен кездесу

Ағымдағы жылғы 11-13 мамыр аралығында аумақтық әділет органдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған «Контрафакт» республикалық акциясы шеңберінде шығармашылық одақтардың өкілдерімен кездесулер (семинарлар) өткізді.

Аталған іс-шараларға жазушылар, композиторлар, суретшілер одақтарының, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың, мәдениет басқармасының, балалар шығармашылығы мектебінің өкілдері, сондай-ақ өңірлердің құрметті азаматтары қатысты.

Іс-шара барысында авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау, авторлық құқықтарды электрондық тіркеу, авторлардың айрықша немесе айрықша емес құқықтарын беру, авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық басқару, лицензиялық шарттар және т. б. мәселелер талқыланды.

Атырау облысында кездесуге ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстан Жазушылар Одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев қатысты

Жамбыл облысы Әділет департаментінде шырын Мамасерикованың «Тәуелсіздік тартулары» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Семей қаласында өткен кездесуге суретшілер, «Қазақстан Суретшілер одағының» мүшелері Тлеуғазы Рахимович Жуванышев және Олександр Степанович Махно қатысты.

Сондай-ақ, белгілі әнші-композитор, «Қазақстан Композиторлар одағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының мүшесі Сауранбек Елеуовпен кездесу өтті.

Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілердің ресми беттерінде (Instagram, Facebook) және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерінің интернет-ресурстарында жарияланды.