
2019 жылғы 20 желтоқсанда Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 501-ші отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары және оған Үкімет қорытынды жобалары қарастырылды. Баяндама жасаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова.