2022 жылғы 13 мамырда Әділет Министрі Қ. Мусиннің БҰҰ БЖКБ Орталық Азия бойынша Өкілі Ханс Фридрих Шоддер мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Әділет министрі қатысушыларды елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорғау саласында заңнама мен Қазақстан жасасқан халықаралық шарттар, оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы өзгерістер туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Шоддер мырза Қазақстанның азаматтықты қысқарту мәселелері бойынша жетістіктері туралы атап өтіп, Әділет министрлігі мен Орталық Азия бойынша БҰҰ БЖКБ Өкілдігі арасындағы ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Тараптар азаматтықты қысқарту және босқындарды қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ бір-біріне жемісті жұмыс тіледі.
Кездесу достық жағдайда өтті.