
2022 жылғы 4-6 мамырда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өткізетін «Контрафакт» республикалық акциясы шеңберінде, аумақтық әділет органдары құқық қорғау органдарының өкілдерімен зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы құқық қолдану практикасы бойынша дөңгелек үстелдер өткізді.
Дөңгелек үстелдерге прокуратура, полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер департаменттері мен облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысты.
Іс-шаралар барысында зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында құқық қолдану практикасы (оның ішінде тақырыптық салықтық тексерулер барысында мемлекеттік кірістер органдары анықтаған импортталатын тауарларға қатысты, мемлекеттік кірістер органдарынан түскен тауар таңбаларына қатысты тексерулерді тіркеу және экономикалық тергеу), өзара іс-қимыл және ынтымақтастық (зияткерлік меншік саласын жетілдіру бойынша бірлескен жоспарлар, меморандумдар әзірлеу) мәселелері талқыланды.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде дөңгелек үстел барысында кибер құқық бұзушылық мәселелері талқыланды.
Креативті экономиканы дамыту мәселелері Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің талқылау тақырыбына айналды, ал контрафактіге қарсы күрестегі проблемалық мәселелер Шымкент қаласында талқыланды.
Өткізілген іс-шаралар бойынша ақпарат облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерінің әлеуметтік желілерінде (сайттар, Instagram, Facebook) жарияланды.