
Ағымдағы жылғы 26 қарашада ҚР Әділет вице министрі Наталья Пан төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:
1. «Ерекше тауарлар айналымын бақылау туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержанов Аманияз Қасымұлы);
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержанов Аманияз Қасымұлы);
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – Ұлттық экономика вице-министрі Алпысов Ермек Амантайұлы) ;
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – Ұлттық экономика вице-министрі Алпысов Ермек Амантайұлы) ;
5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру(баяндамашы – Қорғаныс министрінің орынбасары Тортаев Бауыржан Қадірұлы).