
А.ж. 3 желтоқсанында Вашингтон қаласында (Америка Құрама Штаттары) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі АҚШ-тың Бейбітшілік Институтымен бірлесіп «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Қазақстан Республикасына қайта оралған азаматтарды қалпына келтіру, қайта бірігу, бейімделу және қайта әлеуметтену» тақырыбында брифинг (дөңгелек үстел) өткізді.
Іс-шара адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ АҚШ-тың іскер және сарапшы топтарының өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Брифингке АҚШ-тың келесі мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты – АҚШ Конгресі, АҚШ Мемлекеттік департаменті (Терроризмге қарсы бюро), АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі, АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) және басқалары.
Іс-шара барысында Қазақстандық тарап қайтарылған Қазақстан азаматтарын қалпына келтіру бойынша мемлекетпен атқарған жұмыстар туралы толық ақпарат берді.
Сонымен бірге, брифингке қатысушыларға қайтарылған әйелдер мен балалармен жүргізіліп жатқан психологиялық және теологиялық жұмыстар, сондай-ақ олардың әлеуметтік қайта бірігуі туралы ақпарат берілді.
АҚШ-тың өкілдері Қазақстан Үкіметі жүргізіліп жатқан жұмыстардың ерекше маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.