Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

2019 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ұжымды еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Ведомство басшысы еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін әділет органдарының қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.

Ерекше көзге түскен қызметкерлер осы күні "Құрмет" орденін, "Ерен еңбегі үшін" медалін, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын, сондай-ақ Премьер-Министрдің атынан алғыс хат алды.

Сонымен қатар Мемлекет Басшысының жоғары наградаларымен адвокаттар К. Карчегенов,  Ғ. Ыбраева,  Ә. Кулубекова, нотариус Қ. Сариев, сот сарапшысы Б. Төлепбергенов марапатталды.

Іс-шара соңында Марат Бекетаев ұжымды және шақырылған қонақтарды осы айтулы мерекемен тағы да құттықтап,  ашық аспан, бейбіт өмір, бақыт  тіледі.