Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасын көпшілік алдында талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасын көпшілік алдында талқылау туралы

Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында»  «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.

Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 6 мамырынан 24 мамырына дейін өтеді (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14041433).

Барлық мүдделі азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  нормативтік құқықтық актісінің жобасын талқылауға қатыса алады.