
2022 жылғы 6 мамырда Әділет вице-министрі А. Ахметова «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Сотының (АХҚО) және Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) Тіркеушісі – Аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холтпен кездесті.
Кездесу барысында Әділет вице-министрі А. Ахметова АХҚО Соты мен ХТО өкілдерін Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар туралы хабардар етті.
Кездесуде қатысушылар АХҚО Сотының шешімдерін Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде орындау туралы мәселені қарады.
Сондай-ақ, қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі талқылады және бір-біріне жемісті жұмыс тіледі.
Кездесу достық жағдайда өтті.