Әділет вице – министрі Ақтөбе облысына келді

Әділет вице – министрі Ақтөбе облысына келді

28 cәуірде Қазақстан Республикасының Әділет вице–министрі Мадалиев Алмат Кұрманғазыұлы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды.

Сапар аясында Әділет департаментінің басшылығымен және қызметкерлерімен, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында сот актілерін дер кезінде орындау маңыздылығы, соның ішінде алимент пен жалақы өндіріп алу бойынша атқарушылық құжаттарды орындаудың өзектілігі атап өтілді.

Сонымен қатар, сот актілерін орындау саласындағы туындайтын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар берілді.