Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі келесі бұйрықтардың жобаларын дайындады:
- «Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м. а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы;
- «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер кейбір ережелердің нақтылаушы редакциясын көздейді.
Жария талқылау 2022 жылғы 28 сәуір мен 2022 жылғы 17 мамыр аралығында өткізілетін болады.
Барлық мүдделі азаматтар жоғарыда көрсетілген жобаларды келесі сілтеме бойынша талқылауға қатыса алады:
- https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14083683;
- https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14083670.