
25 сәуірде Әділет министрі Қанат Мусин ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары және ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен Пиа Каумамен кездесті.
Кездесу барысында Әділет министрі делегация мүшелерін сот реформасы, атап айтқанда, Әкімшілік іс жүргізу кодексі туралы, сондай-ақ Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан саяси реформалар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға қаңтар оқиғасы кезінде сот-сараптама қызметі және заңгерлік көмек көрсету бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.Кездесу соңында Әділет министрі Пиа Каумаға қызметі үшін алғыс білдіріп, жұмысына табыс тіледі.