«БҰҰ медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Заңға қол қойылды

«БҰҰ медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы «БҰҰ медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Медиация туралы Сингапур конвенциясы ретінде белгілі БҰҰ медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясы медиация арқылы коммерциялық дауларды реттеу туралы келісімдерді тану және орындау үшін халықаралық режимді енгізуге бағытталған.

Конвенцияға 55 ел қол қойды, оның ішінде 8 ел (Сингапур, Эквадор, Фиджи, Гондурас, Катар, Сауд Арабиясы, Түркия, Грузия) ратификациялады және 1 ел (Беларусь) бекітті.

Конвенцияны ратификациялау халықаралық коммерциялық дауларды реттеу жөніндегі шарттық-құқықтық базаны нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттің сауда құқығы саласындағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді және іскер топтар мен шетелдік инвесторлар тарапынан қолдау табатын болады.