2000 жылы жарияланған сәттен бастап Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтеді.
Дәл осы күні 1970 жылы қызметі теңдестірілген және қол жетімді Халықаралық зияткерлік меншік жүйесін дамытуға бағытталған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі - ДЗМҰ-ны құрған Конвенция күшіне енді.
Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап ДЗМҰ мүшесі болып табылады.
Бұл іс-шара зияткерлік меншік құқығы инновациялар мен шығармашылықты дамытуға қалай ықпал ететіні туралы қалың жұртшылыққа айтуға мумкіндік береді.
2022 жылы Халықаралық зияткерлік меншік күні «Зияткерлік меншік және жастар: болашақ үшін инновациялар» тақырыбына арналған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде «Ашық диалог» порталында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арналған интернет-конференция өткізеді.