"Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы

"Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы
Бүгін "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы және экологиялық айлық аясында Нұр-Сұлтан қаласында аумақты тазалау және жаппай ағаш отырғызу бойынша жалпықалалық сенбілік өтті. 
ҚР Әділет министрі Қанат Мусин бастаған ұжым Ұлы Дала-Мәңгілік ел-Тұрар Рысқұлов көшелері аумағын тазалады. 
Жалпықалалық сенбілік аясында үш мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.
Айта кетейік, "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы аясында елордада апта сайынғы сенбіліктерге 80 мыңнан астам адам, 10 мың кәсіпорын мен ұйым қатысты.