Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Ашық нормативтiк құқықтық актілердің  интернет-порталына орналастырылғаны туралы

ҚР Әділет министрлігі «Өнеркәсіптік меншік саласындағы кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Әділет министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасы Патенттік кооперация туралы шартта және Еуразиялық патенттік Конвенцияда көзделген талаптарға сәйкес Еуразиялық өтінімді өнеркәсіптік үлгіге Ұлттық патенттік ведомство арқылы беру, тексеру, жіберу рәсімін заңнамалық бекіту және оны ұлттық өтінімге қайта өзгерту мақсатында, сондай-ақ таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің хаттамасына сәйкес әзірленді.

Қоғамдық талқылау 2022 жылғы 20 сәуірден 2022 жылғы 20 мамырға дейін жүргізіледі.

Барлық қызығушылық танытқан азаматтар Қазақстан республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14077118 қатысуға мүмкіндігі бар.