Ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға орналастыру туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрықтың жобасын (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) дайындады.
Бұйрықтың жобасы "Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м. а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығының және "Құқықтық кадастрдан ақпарат беру Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығының кейбір ережелерінің редакциясын нақтылау мақсатында әзірленді.
Жария талқылау 2022 жылғы 20 сәуірден бастап 2022 жылғы 4 мамырға дейін өткізілетін болады.
Барлық мүдделі азаматтар келесі сілтеме бойынша бұйрықтың жобасын талқылауға қатыса алады: