Еуропалық Одақ Елшіліктерінің өкілдерімен кездесу

Еуропалық Одақ Елшіліктерінің өкілдерімен кездесу

19 сәуірде Әділет министрі Қанат Мусиннің төрағалық етуімен Ұлттық зияткерлік меншік институтының алаңында ЕО өкілдігінің басшысы К. Янкаускастың басшылық етуімен Еуропалық Одақ Елшіліктерінің өкілдерімен кездесу өтті. 

Әділет министрі Мемлекет басшысының 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауы аясында жүзеге асатын заңнамалық жұмыс туралы айтып берді. Бұдан басқа, ҚР Бас прокуроры, ҚР Ішкі Істер Министрлігі, ҚР Жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі басшыларының орынбасарлары “қаңтар оқиғасын” тергеу бойынша жаңарған ақпаратты ұсынды.