2022 жылғы 31 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арналған семинарға қатысты ақпарат

2022 жылғы 31 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арналған семинарға қатысты ақпарат

Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті 2022 жылғы 31 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметі барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы функцияларды беру бойынша жүргізілген талдауда белгіленген бұзушылықтар мен өзекті мәселелер талқыланды.

Талдау шеңберінде тіркеуші органның 2018 жылғы шілдеден бастап 2021 жылға дейінгі қызмет кезеңі қамтылған.

Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті аталған кезеңде Мемлекеттік корпорация тіркеу саласында оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында пилоттық жобаның нәтижелері бойынша Blockchain платформасында жылжымайтын мүлік кепілін электрондық тіркеу енгізілді, 2 сағат ішінде нотариаттық мәмілелер негізінде құқықтарды жеделдетілген тіркеу қолданылды, жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы және заңдық талап туралы мәліметтерді ұсыну тетігі іске асырылды, техникалық паспортты беру тәртібі электрондық форматқа ауыстырылды, «цифрлық ипотека» бағдарламасына қатысту іске асырылды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 32 – тармағын орындау үшін жауапты орындаушы - Мемлекеттік корпорация ЦДИАӨМ, ӘМ және АШМ қатысуымен Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін құру және енгізу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қабылдап жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларына қарамастан, жүргізілген талдау нәтижелері Мемлекеттік корпорацияның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің қызмет көрсету кезінде заңнаманы бұзуға жол беретіндігін көрсетті.

Осыған байланысты Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Мемлекеттік корпорацияның семинар нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнаманың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер орындау және өтініш берушілердің өтініштерін қарастыру бойынша бақылауды күшейтуді ұсынды.

Осыған байланысты сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 8(7172)95-50-38 телефоны бойынша немесе аумақтық әділет органдарына жүгінуге құқылы:

Атырау облысының ӘД - 8(7122)357542;

Ақмола облысының ӘД - 8(7162)55-10-39;

Алматы облысының ӘД - 8(7282)24-12-64;

Ақтөбе облысының ӘД - 8(7132)56-03-36;

Шығыс Қазақстан облысының ӘД - 8(7232)74-03-52;

Жамбыл облысының ӘД - 8(7262)45-22-84;

Батыс Қазақстан облысының ӘД - 8 (7112)554026;

Қарағаныд облысының ӘД - 8(7212) 42-01-42;

Қызылорда облысының ӘД - 8(7242)231159;

Қостанай облысының ӘД - 8(7142)53-47-94;

Маңғыстау облысының ӘД - 8(7292)34-34-51;

Павлодар облысының ӘД - 8(7182)32-16-21.

Солтүстік Қазақстан облысының ӘД - 8(7152)33-66-99;

Түркістан облысының ӘД - 8(7253)35-84-20;

Шымкент қ. ӘД - 8(7252)31-35-65;

Алматы қ. ӘД - 8(7273)30-80-03;

Нұр-Сұлтан қ. ӘД - 8 (7172)32-37-08.