
6 сәуірде Әділет министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары «Freedom Now» халықаралық үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ведомство өкілдері делегацияны адвокаттық қызметті реттеу және саяси партияларды тіркеу саласында, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың пайымдауларын қарау туралы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.