Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы

Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Парламент Мәжілісінің қарауына Әділет Министрлігімен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы енгізілді.

Заң жобасы Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарына және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленді.

Заң жобасының мақсаты азаматтық айналым субъектілеріне диспозитивтілік қағидатын кеңінен пайдалана отырып, көбірек еркіндік беру, жария және жеке мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету, қоғам үшін де, бизнес үшін де оңтайлы және тиімді орта қалыптастыру болып табылады.

Атап айтқанда, Заң жобасында:

  • шарттар туралы заңнаманың императивті нұсқамаларын қысқарту және оларды тек қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау қажеттілігіне дейін азайту;
  • шарттық азаматтық-құқықтық жауапкершілік ережелерін жетілдіру;
  • шарттардың жаңа түрлерін реттеу (агенттік шарт және эскроу шарты) және басқа да бастамалар көзделеді.

Заң жобасының мәтінімен ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/post-item/36/15319