Қанат Мусин Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің өкілдерімен кездесті

Қанат Мусин Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің өкілдерімен кездесті

Бүгін министр Қанат Мусин Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто, сондай-ақ осы ұйымның мемлекеттік сектордағы басқару жөніндегі басшысы Валид Маликпен және мемлекеттік сектордағы маман Клара Маганимен кездесті.

Тараптар Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасын іске асырудың аяқталуы туралы алдағы есепті дайындаудың өзекті мәселелерін қозғады.

Кездесу барысында Министр  іске асырылған жобаның отандық құқық саласы үшін маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Дүниежүзілік банк өкілдері Әділет министрлігі қызметкерлерінің және консультанттардың Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасын іске асыру жөніндегі сапалы жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар, олар Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің басқа да жобалары бойынша Әділет министрлігімен одан әрі ынтымақтастық жасасуға  үмітті екендіктерін жеткізді.